Afleveringen
-
Қорытынды эпизодта Алматыдан Ұзынағашқа дейінгі жол, ата-анамызбен қауышуымыз, Аза тұту күні туралы баяндалады. Сондай-ақ, біз сол күндердегі өзіміздің ішкі сезім, уайым-қайғы, таңданысымыз туралы айтамыз. Әуежайға қайта оралу және Астананың біздің қалай қарсы алғаны туралы ойларымыз да – осында.
Қаңтар – мәңгі жүрегімізде…
Эпизодтар тізімі:
1 эпизод – Ұшақтар кешіккен күн…; 2 эпизод – Тұманды жол;3 эпизод – Үрейлі түндер; 4 эпизод – Үйде менің отбасым.Елдар Құдайбергеновтың «Подкастиң орталығы» – 2019 жылдан бері подкастиңге қатысты жұмыстың бәрін жасаймыз.
-
Бұл эпизодта біз досымыз Назгүл Қожабектің үйінде өткізген үрейлі түндерге қайта ораламыз. 2022 жылы 5-6 қаңтардағы ақпарат жетіспеушілігінің бізге қалай әсер еткенін, сондай-ақ, сын сағатта отандық радиолардың қандай контент ұсынғанын біле аласыздар.
Эпизодтар тізімі:
1 эпизод – Ұшақтар кешіккен күн…; 2 эпизод – Тұманды жол;3 эпизод – Үрейлі түндер; 4 эпизод – Үйде менің отбасым.Елдар Құдайбергеновтың «Подкастиң орталығы» – 2019 жылдан бері подкастиңге қатысты жұмыстың бәрін жасаймыз.
-
Zijn er afleveringen die ontbreken?
-
2022 жылы 5 қаңтарда Алматы әуежайынан ұшамыз деген жоспарымыз іске аспай қалды. Әуежай іші адамға тола бастағанда біз баламызды оятып, далаға шықтық. Қалайда қалаға жетудің қамын жасадық. Сол түні Алматы тұманға оранып, далада сұрқай атмосфера орнаған еді…
Бұл эпизодта менің жолдасым Роза сол күні көрген оқиғаларын баяндайды. Сондай-ақ, әуежайға келгендердің бірімен әңгімемізді тыңдай аласыздар.
Эпизодтар тізімі:
1 эпизод – Ұшақтар кешіккен күн…; 2 эпизод – Тұманды жол;3 эпизод – Үрейлі түндер; 4 эпизод – Үйде менің отбасым.Елдар Құдайбергеновтың «Подкастиң орталығы» – 2019 жылдан бері подкастиңге қатысты жұмыстың бәрін жасаймыз.
-
Бұл эпизодта 2022 жылы 5 қаңтар күні Алматы әуежайын топырлаған адам “басып алған” кезде әуежай ішінде болған хаосты ести аласыз. Сол күні телефонымда жазылып қалған такси, әуежай қызметкерлері және басып кірген адамдардың даусын бірінші рет жариялап отырмын.