Afleveringen

  • Бүгін бізде қонақта кәсіпкер, геология ғылымдарының докторы, half ironman-ды аяқтаған триатлоншы - Ақниет Байбоз. Ақниет өзінің бизнеске қалай келгені, сақтап жүрген 200 долларын жарнамаға салып, серіктестерімен бірге жылдық айналымы $2.5 миллионға дейін жететін бизнесті қалай тұрғызғаны туралы айтып береді. Сонымен қатар, эпизодта докторантураны не үшін оқығаны, триатлонмен қалай айналыса бастағанын да шалып өттік.

    00:00 - Ақниетті таныстыру

    2:17 - Дипломды алған сәттен бастап апатия басталды, түсініксіз жағдайда болдым

    3:34 - Группаластарыммен бірігіп, сайт жасаумен айналыстық. Тапсырыс берушінің жұмысына қарай отырып, бизнес идея келді

    5:32- Әртүрлі сайттар, лэндинг парақшалар жасадық, бірақ ...

    6:42 - Қайтадан көңілім түсті, бірақ ойыма ескі досым келді

    7:00 - Барахолкаға барып, бизнес идеямды айттым: ол келісті

    7:27 - Жарнамаға $200 салдық

    8:08 - Бизнестегі ең басты, маңызды ресурс - серіктестер

    8:41- 2020 жылы пандемияға қарамастан, 930 млн теңгеге сауда жасадық

    10:20 - Серікстестермен сәтті жұмыс істеудегі бір лайфхак

    11:25 - Ештеңеге қарамастан, бір бірімізді қолдауды үйрендік

    15:00 -Батыс пен солтүстіктің қазақтары, қытай ұлтының өкілдері біріккенде қандай бизнес шығады?

    17:10 - Серіктесімізге киім таңдауды үйрендік, бизнесменнің сағаты оның айлық пайдасымен бірдей болуы керек

    20:00 - Алғашқы салған инвестицияларымыз туралы

    20:50 - Қаланың ортасынан офис босқа офис алған тәрізді қателіктер болды, ақшаны жеткізбеген сәттер де болды

    23:00 - Бар клиенттерімізге сататын өнім ассортиментін көбейтуді ойладық

    23:50 - Цех салғымыз келді, бәрі жақсы, бірақ ...

    26:00- Өндіруге қажетті бөлшекті сататын Түркиядағы компанияға келіссөзге бардым

    29:00- Бизнестегі тәуекелдер, білімнің қажеттілігі. Жақсы білім базасы көпке дейін жетеді

    36:50 -40 жастағы өзім қандай болады екен деп қызығамын

    37:50 - Не үшін геология ғылымдарының доктор дәрежесін алдым?

    44:20 - Палеохантинг деген саланы дамытқым келеді

    50:10 - Өміріңнің барлық секторларын қалай үйлестірдің? Делегирование жасау.

    55:40 - Серіктестеріммен бірге триатлонмен айналысып, Португалиядағы half ironman жарысына дайындалдық

    59:25 - Саяхат жасаудың үш деңгейі

    01:02 - Ақниетпен болатын болашақ эпизодтар

  • Бүгін бізде қонақта сценарист, продюсер Жамал Жақсытай. Ол «Тағы да сүй», «Мұздағы жалын», «Таңшолпан», "Ұрлаудан басқа амал жоқ" тәрізді фильмдердің телехикаяларының түсіріліміне қатысқан, өз қолтаңбасын қалдырған.

    Оның инстаграмдағы аккаунты: @baqytty_jamal

    Уақыт кодтары:

    02:10- Кино әлеміне сапар кездейсоқ ұсыныстан басталды

    03:52 - Ұсыныс жіберген режиссер бұрынғы мектептегі мұғалімім еді

    06:00- Тұрақты айлығы бар жұмыстан тәуекелге бел буып, нәтижесі белгісіз жобаға ауыстым

    07:04- Қысқа мерзімдік пайда vs ұзақ мерзімді инвестиция

    09:25 - Кішкентай кезімде журналист боламын деп ойлайтынмын

    10:54 - Камераның сыртындағы жұмыс маған ләззат сыйлайды

    13:08 - Осы саладағы университеттерге қарнымның ашуының бір себебі ...

    14:04 - Студенттер жұмыс істеу үшін көбіне дипломын күтеді

    16:40 - Сценарий жазудың өз ережесі бар, үйрену керек, оқу керек

    19:05 - Сценарийді ұйымдастыруда кайдзен жүйесін де қолданамын

    22:10 - Өмірде болып жатқан оқиғаларға, жаңалықтарға бәріне назар аударуға тырысамын

    23:15- Оқиғаларға дәмдеуіш іздегенде, коллекцияма қараймын

    24:10- Сценарий жазып жатқанда достарым хабарласып қалса, аттарын кездейсоқ фильмде кездестіруі мүмкін :)

    25:10 - Сценарий жазғанда сол саладағы фишкаларды зерттеймін

    27:02 - Әр серияның соңындағы интрига маңызды

    30:04- Плагиатқа қарсымын, ұнатпаймын. Алайда білгеніміз бен көргеніміз туындымызда қолтаңба қалдыруы мүмкін.

    32:40 - Әсіресе америкалық сериалдарды және триллер жанрындағы киноларды көргенді ұнатамын

    33:50 - Таңшолпан телехикаясын әдейі жарылуыға дейін 9 секунд қалған кадрмен аяқтадық

    35:08 - Таңшолпан телехикаясын студиядан бір жарым ай бойы шықпай жаздық

    39:36 - Сүйікті жұмысыңда шаршау да бір бақыт, ләззат сыйлайды

    42:17 - Әр жобаны біткеннен кейін өзіңнің өскеніңді байқайсың

    43:05- Сәл қиялшыл халықпыз, армандағанды жақсы көреміз

    45:10 - Хикаяны қолымнан келгенше жазуға тырыстым.

    45:54- Елдегі кино түсірудегі қиындықтар

    48:25 - Продюсерлік жұмыс, өзімнің талапшыл екенімді байқадым

    53:08 - Кадр деген тарих, ол жерде қателесуге болмайды

    53:39 - Сценарий жазу бойынша марафорн, курстар

    56:10 - Бақытты Жамал

    57:30 - Алдағы жоспарлар

  • Zijn er afleveringen die ontbreken?

    Klik hier om de feed te vernieuwen.

  • Бұл эпизодқа сіздер бұрыннан таныс Жадыра (#105 эпизод), Индира (#103 эпизод ) және Динара (#102, #99 эпизодтар) қатысты. Біз 2020 жылдың соңғы күндері жиналып, 2021 жылдағы мақсаттарымызбен және жылды жоспарлау жолдарымызбен бөлістік. Эпизод әдеттегіден өзгеше, себебі ұзағырақ және табиғи әңгімелесу форматында болды.

    Уақыт кодтары:

    00:00 - Қыздармен танысу (яки олардың дауысымен танысу)

    06:04 - Динараның буллет журналы

    08:26 - Индираның 2021 ж жоспарлары

    11:09 - Жадыраның 2020 жылдан алған басты сабағы

    13:18 - Университет бітіргеннен кейін екі жылдан кейін қайта надан адам боласың. Үздіксіз білім маңызды.

    13:56 - Талшынның жоспарлау әдісінің эволюциясы: Filefox --> Roam Research

    26:02 - Онлайн құралдардағы қауіпсіздік мәселесі қорқытпай ма? Қолжетімді басқа адамдардың миы, "білім бақшасы"

    36:35 - Динараның 2021 ж жоспарлары (әсіресе, антропология туралы подкаст)

    45:46 - Жадыраның 2021 ж жоспарлары (әсіресе, лингвистика туралы подкаст)

    48:45 - 4 адам, 3 подкаст

    49:00 - Білгенмен бөлісу - парыз

    52:33 - Талшынның 2021 ж жоспарлары

    53:41 - Динараның Zero waste челленджі

    57:16 - Жадыраның тағы бір мақсаты

    59:30 - Өмір дизайны. Қалаған адамға айнала аламыз.

    01:02 - Индираның жазу челленджі

    01:04 - "The art of thinking clearly" кітабы

    01:05- Тілектер

  • Мадина Карсакпаева инклюзия саласының сарапшысы, маманы. Ол мүмкіндігі шектеулі адамдарға жәрдем беретін түрлі коммерциялық емес ұйымдарда ағылшын және компьютерлік сауаттылықты үйрету бойынша ерікті, волонтер болып жұмыс істеген.

    Сонымен қатар, ол Алматы қаласында ерекше қажеттілігі бар адамдармен жұмыс істеу жөніндегі үйлестіруші болып та қызмет атқарған. Қазақстандағы Британ кеңесінде тең мүмкіндіктер мен әртүрлілік саясаты бойынша үйлестірушісі, осы бағытта да ЮНИСЕФ-тің Будапештегі жобасына да қатыстқан.

    Алдында пайда болған қиындықтарға қарамастан, Мадина өзіне керекті тәжірибені, білімді ала білген. Мадинаның жалпы өмірлік ұстанымдары, жекелеген ақпаратттар қызықты болса, әріптес подкасттардан да тыңдай аласыз. Ал бүгінгі эпизодта біз оның білім алу тәжірибесі мен жалпы инклюзивті білім саласының дамуын талқылаймыз.

    Уақыт кодтары:

    00:00 - Қонақты таныстыру

    02:33 - Мен бакалавриатқа түскенде университеттер дайын емес болды: сырттай оқыдым.

    03:05 - Отбасым ағылшын тіліне деген құштарлығымды ерте байқады

    04:44 - Бакалавр дипломы ол кезде маған ол жетістік болып көрінді

    06:29 - Эразмус Мундус бағдарламасымен оқуға түскен, ерекше қажеттілігі бар қазақстандық алғашқы студент болдым.

    09:30 - Европадағы оқу орындарының инфрақұрылымы

    10:34 - Европалық университет барлығын алдын ала ұйымдастырды

    11:23 - Лондонға келгендегі алғашқы күндер. Адаптация

    12:16 - Норвегиядағы Осло университетіндегі тәжірибе

    14:44 - Адам баласы әртүрлі болады, оны қабылдауымыз керек

    17:10 - Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың 5%-ның ғана ЖОО білімі бар

    18:00 - Университеттердегі ресурстық орталықтар

    18:52- Пандемия жағдайында мүмкіндігі шектеулі жандарға білім беру

    22:24 - Инклюзия тәрбиемен келеді

    23:24 - АҚШ та оқып жұргенде де ресурстық орталықтар жайлы зерттедім

    25:31 - Студентке бағытталған білім жүйесі

    26:35 - Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қорғайтын ұйымдар жайлы

    28:27 - Қарапайым азамат ретінде инклюзияны қалай дамыта аламыз?

    33:06 - Адам өз өзін қабылдауды үйренуі керек

    34:12 - Біздің әртүрлі болуымыз бізді алға дамытады

    34:50 - Жоспарларыңыз қандай?

    38:06 - Ата-анама алғыс айтамын

  • Бүгін біз көп тіл білу, үйрену тақырыбын жалғастырамыз. Бүгінгі біздің қонағымыз - Жадыра Кеңесбек. Жадыра да дәл алдыңғы қонағымыз тәрізді бірнеше тілді жетік меңгерген, онымен қоса оның негізгі маманданған саласы: физика. Инстаграмдағы аккаунты: @jadyra.kenesbek

    Жадыра ағылшын, қытай, араб, түрік, қазақ және орыс тілдерін біледі. Қазіргі таңда Гонконгте физика мамандығы бойынша докторантурада оқиды, оған дейін ҚазҰУ-де білім алған. Жадырамен қараша айының басында тауда таныстық. Оның бірнеше тілді білетіні, тілді қалай хобби ретінде қосымша дамытып жүргені мені өте қызықтырды. Ең қызығы, пандемия кезінде Жадыраның Қытайдағы лабораториясы уақытша жабылғаннан кейін, Жадыра елге оралып, қытай-ағылшын тілдерінде синхронды аудармамен айналысуда. Синхронды аударма деген сөзді естігенде менің басым айналып, ауырып кетеді. Бұл -белгілі бір кәсібиліктің биігіндей. Бүгін осы тамаша қыздан интервью аламыз.

    Уақыт тэгтері:

    00:26 - Жадыра қандай тілдерді біледі?

    01:15 - Жадыра жайлы жалпы ақпарат

    02:09 - Өзімді тіл үйренуші энтузиаст деп білемін

    02:23- Араб тілін медреседе үйрендім

    03:22 - Түрік тілін мектепте тарих, география пәндеріне қызығу арқылы үйрендім

    04:27 - Қытай тілін үйренуім кездейсоқ, қызық оқиғадан басталды

    07:10 - Қытай тілін кейін докторантурада оқып жүргенде жетілдірдім

    08:10 - Профессорымнан қытай тілін үйрену үшін 2-3 сағатқа босатуын сұрадым

    09:22 - Тілге, сол елдің мәдениетіне деген үлкен қызуғышылық керек

    10:15 - Үйренетін жақсы кітап керек

    10:53- Тіл үйренуді аз болса да, күнделікті тұрақты әдетке айналдыру керек

    12:30- Тілдің бір пайдасы - білім алу мүмкіндігі

    13:02 - Тіл білу пандемия кезінде маған жаңа кәсіппен айналысуға мүмкіндік берді

    15:45- Синхронды аударма кезіндегі күтпеген оқиғалар

    20:03- Тілді үйренуді тыңдаудан бастаймын

    21:11 - Ешқашан аудармау керек: күнделікті қолданылатын сөздерді үйренемін

    22:15 - Біздің миымызы маңызды емес деп санайтын ақпаратты ұмытуға бейім

    23:11 - Грамматиканы соңына қарай үйренемін

    24:08 - Адам өз өмірінде миға байланысты бір кітап оқу керек

    24:17 - Space Repetition әдісі

    25:39 - Дыбыстарға үйрену, дыбыстармен үйрену

    26:54- Тәжірибемен контексттен түсіне бастайсыз

    28:22 - Тіл білу арқылы саяхаттаудың артықшылықтары

    29:24 - Неліктен Қытайға саяхат қызықтырды?

    31:34 - Гонкогта білім алу қаншалықты сізді өзгертті?

    32:18 - Қолыңнан келмесе, оған уайымдама

    34:16 - Дағдарыс: жаңа мүмкіндіктер

    37:53 - Жақында француз тілін үйренуді бастадым

    40:05 - Араб тілінің өміріңіздегі орны

    40:58 - Әр тілде әр түрлі адамсыз ба?

    42:30 - Адамдарды түсіну оңайлай түседі

    44:05 - Тіл білу қартаюды тежейді

    44:50 - Әлі талай тіл үйренгім келеді

  • Бүгін және келесі эпизодта көп тіл білетін тамаша жандармен сұхбат құратын боламыз. Бір екі тілді үйрене алмай, әзер алып жүргенде, бірнеше тілді өз еркімен, өз қызығушылығымен үйреніп, барлығын қатар алып жүргендер арнайы сиқырды, таңғажайып формуланы біле ме екен деген сұрақ мені мазалады. Бірнеше тілді қалай үйренсе болады? Бүгін осы сұрақтарды Мәди Базылбекке қоятын боламыз.

    Мәди Базылбек - қазақ, орыс, ағылшын, жапон, испан, түрік тілдерін білетін полиглот, тіл менторы. Инстаграмдағы аккаунты: @madee.fazl

    Уақыт тэгтері:

    00:52 -- Мәди қандай тілдерді біледі?

    02:03 --Көп тіл білу үшін жас кедергі емес

    03:15 -- Тіл үйренудегі алғашқы қадамдар/білім жолы

    06:20 -- Неліктен жапон тілі?

    08:53-- Не үшін испан тілі?

    11:10 ---Не үшін түрік тілі?

    13:46 --Тіл үйренуді қалай бастаған жөн?

    22:31-- Кез келген адам кез келген нәрсені үйрене алады. Бірақ үйренуді қалай үйренуге болады?

    28:44 -- Испании мен түрік тілдерін өз бетінше қалай үйрендіңіз

    34:01 --Әр тілмен әр түрлі адамсыз ба?

    38:55 --Бұл тілдерді күнделікті өміріңізге қалай ендіресіз?

    44:15 --Оқып жатқан кітаптарыңызды тіл үйрену үшін қолданасыз ба?

    50:12 --Тілді үйрену мен үйретудің айырмасы қандай?

    53:50-- Тілді үйренуге қатысты маңызды бес кеңес

  • Біз "Тамаша жыл" кітап клубының қазан айындағы таңдауы Эллиот Аронсонның "Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психология" кітабының 4-тарауын сіздермен бірге талдамақшымыз. Бұл эпизодты басынан соңына дейін Швейцариядағы Цюрих университетінің әлеуметтік антропология бойынша докторанты Индира Алибаева жүргізеді.

    Әлеуметтік таным - бұл біздің басқа адамдар мен әртүрлі әлеуметтік жағдайлар туралы қалай ойлайтынымыз, бұл ақпаратты қалай сақтап, қолданатынымызды зерттейтін әлеуметтік психологияның бөлімі.

    Уақыт коды:

    1:00 - Индираның диссертациясы. Адамның этностық ерекшелігі оның өміріне қалай әсер етеді?

    2:28 - Орта ғасырдағы және қазіргі стереотиптер

    3:45 - Әлемді қалай түсінеміз?

    4:10 - Түсініксіз заттарды қалайда түсінікті етуге тырысамыз

    5:27 - Адам белгілі бір ерекшеліктерімен туылады және тәрбие/қоршаған орта қосымша реңк береді

    9:18 - Адамның миы жылдам реакция береді: сөйтіп стереотип туындайды

    12:09 - Үйреншікті емес жағдайларда орын алатын ойлау жүйесі

    13:34 - 100% дәлелденбеген ақпаратқа неге сенеміз?

    14:35 - Адамдар үнемі басқа адамдар туралы ойлайды, олардың ойлары қызық; құбылыстардан, заттардан адамның бейнесін іздейміз

    16:00 - Адамдарды жіктеу: "өзіміз" vs "бөтен"

    18:40 - Адамның пікіріне әсер ететін сыртқы факторлар. Әлеуметтік контекст

    19:00 - Бағалау салыстырмалы контексте жүреді

    20:00 - Санамыздағы схемалар, модельдер

  • Тамаша жыл" кітап клубының тамаша мүшелерімен бірге қазан айында Гарвард университетінің профессоры Эллиот Аронсонның Social animal кітабының қазақша нұсқасын оқыдық. Оқулықтың қазақша атауы – «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе». Кітапты аударған: Ұлттық Аударма Бюросы. Кітап Рухани жаңғыру бағдарламасының аясындағы Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы бойынша 2018 ж шығарылған. Бұл эпизодта осы кітаптан өзімізге алған, түсінген ойлармен бөлісетін боламыз. Ыңғайлылық үшін әрбірімізге кітаптың бір тарауы берілген болатын.

    Бұл эпизодта келесі тараулар талқыланды:

    Бұқаралық коммуникация: үгіт-насихат және иландыруАдамға тән агрессияҰнату, жақсы көру және тұлғааралық сезім

    Ал "Әлеуметтік таным" тарауын Индира келесі эпизодта талдайтын болады.

  • Бұл эпизодта креативті экономика тақырыбын талқылайтын боламыз. Бұл экономиканың жаңа секторына қандай салалар кіретінін, оның маңыздылығын, Қазақстандағы креативті экономиканың дамуы мен Британ Кеңесінің жүргізіп жатқан Creative Spark бағдарламасын талдайтын боламыз. Эпизодқа экономист Айжан Мұқышбаева, Британ Кеңесінің маркетинг үйлестірушісі Айжан Рымбаева, Creative Spark Big Idea Challenge конкурсының қазақстандық жеңімпазы Мәртебе Әбділда, осы конкурстың технология санаты бойынша финалисі Нұрболат Тілеубай және т.б. керемет адамдар қатысты. Эпизодты тыңдап, креавтиті экономикада кәсібіңізді дамытарсыз деп үміттенеміз.

    Бұл эпизодтың серіктесі: Қазақстандағы Британ Кеңесі.

    Уақыт сілтемелері:

    00:00 -Кіріспе

    01:20 - Креативті экономика тақырыбын таныстыру.

    01:52 - Креативті экономика сауалнамасы

    03:45 - Эпизодтың жоспары. Эпизод серіктесі - Қазақстандағы Британ кеңесі

    04:30 - Экономист Айжан Мұқышбаева: Креативті экономика деген не? Оның ерекшелігі неде?

    05:48 - Қазақстандағы Британ кеңесінің өкілі Айжан Рымбаева: Креативті экономика деген не?

    06:29 - Экономист Айжан Мұқышбаева: Креативті экономикаға қандай салалар кіреді?

    07:12 - Жүргізуші: Креативті экономиканың қалалардың дамуындағы рөлі

    08:53 - Экономист Айжан Мұқышбаева: Қазақстандағы креативті экономиканың рөлі

    12:49 - Жүргізуші: Қазақстандағы Британ кеңесінің Creative Spark жобасы

    13:50 - Қазақстандағы Британ кеңесінің өкілі Айжан Рымбаева: Creative Spark жобасының ерекшелігі

    15:49 - Қазақстандағы Британ кеңесінің өкілі Айжан Рымбаева: Британ кеңесінің креативті экономиканы дамуына үлес қосуының себебі

    17:00 - Creative Spark Big Idea Challenge конкурсы туралы жалпы ақпарат

    17:41 - Creative Spark Big Idea Challenge 2020 конкурсының Қазақстандық жеңімпазы Мәртебе Әбділданың таныстыру

    18:53 - Мәртебе Әбділданың More than music жобасы туралы ақпарат

    24:18 - Мәртебенің домбыраны таныта отырып, өзінің кәсібін табуы

    25:20 - Мәртебенің жарыстан алған әсері және алдағы жоспарлары

    31:12 - Creative Spark Big Idea Challenge конкурсының қатысушысы Нұрболат Тілеубайдың жарысқа қатысу себебі, дайындық кезеңдері

    35:02 - Creative Spark жобасы бойынша қандай мүмкіндіктер бар

    36:59 - Экономист Айжан Мұқышбаева: креативті экономиканы дамыту себептері

    42:01 - Жүргізушінің қортындысы

  • Сонымен жүзінші эпизод. Не үйрендім? Не түйдім?

    Біріншіден подкастты жазуды бастағаныма, тоқтамағаныма өкінбеймін. Қуанамын, мақтанамын. Бес алты ай үзіліс жасағаннан кейін, қоштасу эпизодын жазып, бәрін бітіремін деп ойлаған кездерім де болды. Тіпті ол эпизодқа текст те жазып қойыппын. Қолым тимегендіктен, ол эпизод жарыққа шықпапты. Солай болып шыққаны дұрыс болды деп ойлаймын. Себебі дәл қазір жүзінші эпизодты жазып, сіздің оны тыңдап отырғаныңызбен шексіз мақтанамын. Екіншіден, күнделікті қарапайым өмір бізді кішкентай әсер аймағымен шектейді. Ал подкаст арқылы қазақ тілін түсінетін әлемнің төртбұрышындағы сіздермен байланыса алатынымды түсіндім. Бір бөлменің бұрышында кішкентай ғана микрофонмен жазылған ақпарат әлемді шарлап, сіздің құлағыңызға жетуі таңғажайып емес пе?Үш жыл көзді ашып жұмғанша өтіп кеткеніне қарамастан, әр күннен, айдан, жылдан белгілердің қалғанын және әр эпизодқа қарап, өзімнің не сезінгенімді еске түсіремін. Әр тақырып нарықтың талабымен емес, ойландырған тақырыптардың айналасында болғандықтан, барлығы мен үшін жылы. Кейде тіпті ойды ой қуып, өзім күтпеген тақырыптарға кезіккен де жағдайлар бар.Подкастты бастағанда ойым жүйесіз, әр тақырып бойынша айтарым аз болып көрінетін. Алайда подкасттың арқасында ойым жүйелене түсті, кемелдене түстім, ол тіпті қазіргі дауыс интонациямнан байқалатын болар. Өздеріңіз бағалайсыздар ғой, оны?!

    Мұның бәрін не үшін айтып жатырмын дейсіз бе? Себебі мені тыңдап тұрған сіздің жүрегіңіз қалаған істі, хоббиіңізді тастамай, алып жүргеніңізді қалаймын. Көзіңізді жұмып ойлағанда, өзіңізді қалай елестетесіз? Немесе кейде осындай болғанымда деп ойлап қоятын, бірақ бастамайтын ісіңіз бар ма? Сол істерді күттірмей, өзіңіз қалаған әлемге бір қадам басуға “иә” деп жауап берсеңіз қалай? Суперқаһарман міне мұрныңыздың астында, ол - сізсіз. Өзіңіз білетін ең мықты, ең батыл адам болыңыз. Өзіңіздің қаһарманыңыз бол.

    Уақыт қалайда өте береді. Оның тоқтамай, тыныш бізді күтіп тұратын сәті болмайды. Жүрегіңіз қалаған істі істеуге асығыңыз. Ол іс сізге шаттық пен қуаныш, өміріңізге мән сыйласа қандай тамаша. Ал бұл ол ары қарай өзіңізге ғана емес, басқалардың өміріне де мән сыйласа, өмірлерін жақсартса, қандай тамаша …

    Подкаст ары қарай не болады десеңіз, подкаст өзінің бастапқы миссиясын жалғастырып, қосымша даму құралын болғанын қалаймын. Енді эпизодтың сапасы мен берілетін ақпарат көлеміне көбірек көңіл бөлетін боламын.

    Бұл подкастқа үлес қосып, көмек беремін десеңіз, Тамаша жыл подкастының мүшесіне де айнала аласыз. Ол үшін [email protected]ға немесе инстаграмда хат жазсаңыз жеткілікті. Маған тақырып анықтау, интервью алу, жазу, өңдеу, тарату, SMM бойынша көмек немесе кеңестер қажет.

    Осы жылдар бойы берген пікірлеріңіз маған шабыт берді, ал кейбір хаттар менің көңілімді босатып жіберетін. Осы жылдар бойы тыңдап, достарыңызбен бөліскеніңізге, медиада айтып, көпшіліктің назарына ұсынғандарыңызға, жылы хабарламаларыңызға шексіз, шексіз алғыс.

    Подкаст жалғасады. Жүзге дейін емес, мыңға дейін де санағанымды қалаймын, армандаймын.

    Ізгі ниетпен және сүйіспеншілікпен,

    Талшын

  • Сәлем, қымбатты тыңдарман. Бұл 99-эпизод. Бүгінгі эпизодта Тамаша жыл кітап клубының сәуір айындағы таңдауы болған Крис Бэйлидің “Өнімділік жобасы” немесе “Мой продуктивный год” кітабы туралы әңгіме дүкен құрамыз. Бұл эпизодты жасауға маған клубымыздың екі мүшесі екі Динара көмек берді.

    Автор өнімділікті арттыруға байланысты эксперименттер жүргізеді, мамандардан сұхбат алады және осы тақырыпқа қатысты зерттеулермен танысып, өзі үйренген сабақтарын бір кітапқа жинақтайды.

    Бұл кітапта өнімділіктің барлық негізгі аспектілері қарастырылған. Бізді ойландыратын уақытты басқару, зейін, үзіліс, ұйқы, кофеин, интернетте көп уақыт жұмсау, алаңдаушылық және т.б. тақырыптар қарастырылған.

    Тамаша жыл кітап клубының мамыр айындағы таңдауы:

    ✅ Мэттью Уолкердің “Зачем мы спим. Новая наука о сне и сновидениях” кітабы⁣⁣

    ✅ Əйгілі орыс жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты (1933) - Иван Буниннің “Темные аллеи” əңгімелер жинағы.⁣⁣

    Клубқа қосылу үшін инстграмдағы tamasha_zhyl аккаунтына хабарлама жіберіңіз.

  • Бүгінгі эпизодымыздың қонағы - Әлия Болатхан. Ол қазіргі уақытта "Заманауи Қазақстандағы тамақтану дәстүрі және ұлттық бірегейлік" атты ғылыми жоба шеңберінде зерттеу жүргізуде. Зерттеу жұмысында қазіргі қазақ қоғамы қандай тағам түрлерін тұтынады, оның себебін, оны қашаннан бері тұтынып келе жатырмыз тәрізді сұрақтарға жауап ізделінуде. Зерттеу жұмысы соның ішінде тамақтану мәдениетіндегі ұлттық тағамдардың рөлін анықтауға бағытталған. Бұл эпизодта ұлттық тағамдарға қаншалықты мән берудеміз, оны тұтынамыз ба, неліктен ұлттық тағамдарды қазіргі қоғамға бейімдеуіміз керек және қалай бейімдей аламыз деген сұрақтарға жауап іздедік. Эпизод өзінің тамыры мен ұлттық бірегейілік тақырыбында ойланып жүрген жастарға, көпшілікке арналған.

    Анықтама: Әлия - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Тарих институтының ғылыми қызметкері.

  • Сәлем, бұл Тамаша жыл подкастының 97 эпизоды. Бүгінгі эпизод сіздермен біздерді байланыстырып, түсіністірген тамаша қазақ тілі туралы болмақ. Тіл бізді қажет етпейді, керісінше біз қазақ тілін керек етеміз деп жатады. Қазақ тілі туралы сан мың пікірі бар арамызда қанша адам бар. Бір жағынан қарасақ, әлемдегі 6500 тілдің бірі ғана. Онсыз да өміріңді қиындатпай, өмір сүре берсең болады. Әлемнің азаматы, әлемнің тілдерінің бірінде сөйлесең, әлемнің қанша мың есігі ашылады. Сенің алдында қанша мың есік ашылса, бір ғана ісікті әзер ашатын тілде менің қаншалықты жұмысым болуы керек? Ол сенің артыңнан қуатындай, одан қашуың мүмкінсің. Бірақ күндердің бірінде ол сені қумағанын, өзіңмен өзің қалғаныңды түсінесің. Өзіңмен өзің болған диалогта әлемдегі өз орныңды іздей бастайсың. Тамырыңның қайда екенін, бұл тірі ағзаны қайда бастап бара жатқанына назар аударасың. Кенеттен мыңдаған жылдар бойы сенің тамырыңның қалай дамығанын, сенің келесі ұрпақтарға өзіңді жалғастырушысы екеніңді түсінесің. Тілдің тарихты, әлем туралы көзқарасты, наным сенімді, мәдениетті, талғамың мен таңдауларыңның бәрін-бәрін шоғырландыратын, жинайтын ұлы күшін көресің. Тіл біріктіреді, бір бірімізді, алдыңғыларды, келесілерді түсінуге мүмкіндік береді. Кейде біздің елде бір бірі түсінбейтін қаншама лагерлер бар екенін көресің. Әрқайсысының өз догмасы, әлем туралы түсінігі бар. Бір бірін түсінбеулерінен талай талантты жоғалтып аламыз, жете көре алмаймыз, ортақ құндылықтар қалыптастыра алмаймыз.

    Бүгін қазақ тілі туралы сөйлесеміз. Қазақ тілін үйретушілердің, үйренушілердің ойларын тыңдаймыз. Осы эпизодтан кейін өзіңізге сеніп, қазақ тілін бастасаңыз, жалғастырсаңыз, сапасын арттырсаңыз, ал кейін немесе қазір тілді жетік меңгерсеңіз, онда жаңа ресурстар құрастырсаңыз, бұл қандай керемет болар еді. Қазақ тілін үйренетін қауіпсіз орта жасай алсақ. Кейін энергияларымызды біріктіріп, ұлы істерге бастау болсақ, кім кедергі. Тіл алдымен бізді біріктірсе, кейін диалогтарымыз да оңай, түсінуіміз де жеңіл бола түседі.

  • Getting Things Done (GTD) - танымал тиімділік жүйелерінің бірі. Осы әдісті қолдану арқылы миыңызды тазартып, сіз үшін маңызды істерге көңіл аудара аласыз; нәтижесінде ең тиімді істерге уақыт жұмсап, көбірек нәтижеге қол жеткізе аласыз.

    Үнемі жұмысыңыз көп, бітпейтін тәрізді болып көрінсе, GTD сіз үшін таптырмас жол, себебі барлық ойды орталық жүйеге жинау арқылы өміріңізді өзгерте аласыз. GTD арқылы өміріңізде тыныштық орнайды, себебі хаос пен бітпес өрттер аяқталады. Өрт сөндіруші рөліңізден шығасыз. Бүгін сізді GTD жүйесімен таныстырмақшымын.

    GTD (Getting Things Done) - бұл тиімді жұмыс істеу жүйесі және Дэвид Алленнің кітабының аты. Негізгі мақсаты - қажетті нәрсені істей білу, соңына дейін жеткізу, және сізге ұнайтын нәрсеге көбірек уақыт бөлу.

    GTD-дің басты қағидасы- барлық ойды қағазға түсіру. Осылайша сіз миыңызды босатып, оның потенциалын жұмыс үшін пайдалана аласыз. Сіз өзіңіз бекіткен жүйеге 100% сенуіңіз керек және барлық тапсырмалар, идеялар мен жобалар туралы ойлар осында жинақталуы керек. Біраз уақыттан кейін құрған жүйеміз тұрақталып, сенімді болған кезде, біздің санамыз барлық қажет нәрсені бақылауын және үнемі еске салуын тоқтатады. Нәтижесінде стресс азаяды және қымбат уақытты тиімді ойлар мен істерге жұмсай аламыз.

    Сізге мұндай жүйе керек пе? Келісесіз бе? Қағазы мен қарындашы бар әр бала мұны істей алады. Электронды құралдарды ұнатсаңыз, телефон мен компьютерді де қолданса болады.

    Ең алдымен келесі тізімдерді жасау керек:

    Кіріс тізіміКелесі әрекеттер тізіміКүту тізіміЖобаларБір күн / мүмкін тізімі

    Бұл тізімдер GTD жүйесінің негізгі қаңқасын құрайды және үнемі қаралып отырылуы қажет. Қазір әр тізімді жеке-жеке талдаймыз.

    Кіріс тізім

    Басыңызға ойлар, істер мен тапсырмалар келген кезде кірістер тізіміне енгіземіз. Марсқа адамдарды ұшырғым келетіннен бастап сағатымды жөндеуге апарамынға дейін тізімге ену керек. Ойларды сұрыптамасаңыз да болады, барлық ойлар кірістер тізіміне ену керек. Ойларды кірістер тізіміне енгізуге кедергілер мейлінше болмағаны жөн. Кірістер үшін арнайы дәптер, блокнот бастасаңыз немесе телефонға жазсаңыз болады. Ең бастысы, ой басыңызға келе қалғанда, бірден түртіп алу керек. Сөйтіп, мидың жұмысын жеңілдетеміз.

    GTD-ді алғаш рет қолдана бастағанда, басыңызды мың түрлі ойлардың болғанын байқасыз. Мидағы істеуім керек, істегім келетіндердің бәрін кіріс тізіміне енгізіңіз. Ең алғашқы күн кіргізуге бір сағат кетуі мүмкін. Бассейнге жазылуыңыз керек пе? Жаңа шалбар алуыңыз керек пе? Жолдан тәтеңізге соға кетуіңіз керек пе? Подкаст жазғым келеді дейсіз бе? Бәрі, бәрі кіріс тізімне ену керек. Мида бос, сенделіп жүрген ойлар болмауы керек.

    Кіріс тізімін өңдеу

    GTD-ді алғаш рет қолдана бастаған болсаңыз, бастапқы «миды босату» кезінде кірістер тізіміне бір тонна ақпарат жиналады. Ах, байқұс миымыз ай. Енді бұл ойлардың бәрін біртіндеп өңдеу керек. Кейін бұл жүйн қалыпты режимге айналғанда өңдеу процесі үздіксіз жүретін болады.

    Ал өңдеуді бастайық. Тізімдегі элементтер жазылған реті бойынша бір-бірден өңделуі керек. Өңдеген кезде өзіңізге қояр бірінші сұрақ: “Әрекетті қажет ете ме? - Басқаша айтқанда, бұл ой бойынша бірдеңе істеу керек пе? Жауабыңыз ЖОҚ болса, келесі әрекеттерді істеңіз. 1. Сіз үшін қажеттілігі кетіп қалса, сызып тастаңыз. 2. «Маған бұл мақала, кітап бір күн керек болар » деген тәрізді ақпарат болса, анықтамалық материал ретінде сақтаңыз. 3. Немесе “италиян тілін үйренгім келеді” деген тәрізді ой болса, «бір күні / мүмкін тізіміне» қосыңыз 4. Ойды инкубациялау. Ой, кешіріңіз мені. Бәрі оңай деген сияқты едім. Шынымен де оңай. «Мен бұл мақаланы шынымен түсінбедім, екі аптадан кейін қайта оқимын” деген ой болса, міндетті түрде күнтізбеге енгізуі керек.

    Сіз өңдеп жатқан элемент әрекетті қажет етсе, басқаша айтқанда: бұл ой бойынша бірдеңе істеу керек болса, «келесі әрекет қандай?» деген сұрақты қою керек. Сұрақтың жауабы келесі істелетін нақты әрекет болуы керек. Мәселен, “подкаст бастаймын” емес, “Ертең микрофон сатып аламын” , “Тақырыбына брейн сторминг” жасаймын деген сияқты нақты әрекеттер туындауы керек.

    Келесі әрекет физикалық, нақты әрекет болуы керек - тіпті бұл GTD-дің ең маңызды «ережесі» десек болады. Мұндай нақты әрекеттер туралы ойлануға бірнеше секунд қана кетеді, есесіне болашақтағы тиімділігіңізге ерекше әсер ететін болады.

    Келесі әрекетті анықтағаннан кейін, оны істеуге қанша уақыт кететін жоспарлау керек. Оны істеуге екі минуттан аз уақыт кетсе, онда дәл қазір істеңіз. Мәселен, «Досымның туған күнімен чатта құттықтау», “Гүласылға жазбаның көшірмесін жіберу” деген тәрізді. Мұның себебі қарапайым: әрекетті істеуге екі минуттан аз уақыт керек, бірақ оны келесі жолға қалдырып қойсаңыз, оның орындалуын қадағалауға істің өзінен қарағанда көбірек уақыт кетеді.

    Әрекет екі минуттан көп уақытты алса, алдымызда бірнеше нұсқа бар. 1. Қажет болған жағдайда істі біреуге тапсырған жөн. Істі тапсырсаңыз, күту тізіміне

    не және қашанға дейін тапсырылғандығы туралы ақпаратты енгізіңіз. 2. Өзіңіздің келесі әрекеттер тізіміне қосыңыз. Бұл істерді қолыңыз босай салған кезде орындайтын боласыз. Әдетте әрекеттердің көбі “Келесі әрекеттер тізіміне” кіреді. Ал, әрекетті орындау үшін көп қосымша іс әрекеттерді орындау керек болса, жобалар тізіміне де тиісті өзгертулер енгізілуі керек.

    Қысқаша айтқанда осы.

    «Келесі әрекеттер» тізімі

    Келесі әрекеттер тізімі деген не? Ия, өзіңіз ойлағандай, сіздің келесі әрекеттеріңіздің тізімі. Бұл әрекеттердің тағы бір атауы - «мүмкіндігінше тезірек жасалатын іс-әрекеттер» .

    «Күту» тізімі

    Жұмысты басқаларға тапсырған кезде, адамдардан жауап күткенде, тапсырыс бергенде күту тізіміне міндетті түрде енгізу керек. Тапсырған, өтінген күніңіз, не күтесіз, қашанға дейін деген тәрізді ақпарат күту тізімінде болуы керек.

    Жобалар тізімі

    GTD бойынша жоба - бірнеше әрекетті қажет ететін кез келген мақсат. Бұл жобалар жобалар тізіміне енуі керек. Бұл тізім жай жоба тақырыптарының тізімі, қаласаңыз - жобалардың сипаттамалары мен нәтижелеріy де жазсаңыз болады. Жобалар тізімін қарастырған кезде, әр жоба бойынша кем дегенде бір әрекет шығару керек, осылайша жобалардың ешқайсысы ұмтылмайды.

    “Бір күн / мүмкін” тізімі

    Бұл тізімде қазір емес, болашақта жүзеге асырғыңыз келетін идеялар мен жобалар болады. Мұнда «италиян тілін үйренгім келеді» және «кітап жазамын» деген тәрізді ойларыңыз сақталады . Бұл тізім де апта сайын қарастырылып отыруы керек.

    Күнтізбе

    Күнтізбеде белгілі бір күні немесе белгілі бір уақытта істелуі керек әрекеттер, басқа ештеңе кірмейді. Мәселен, “сабақта берілген конструкцияны өзім жасаймын” деп, келесі сейсенбі сағат екіні белгілеудің қажет жоқ.

    Күнтізбеге уақыт бойынша икемді емес элементтер салынады. Мысалы, дәрігердің қарауы, кездесу уақыты, лекция өтетін кез т.б. Ал қалған істегіңіз келетін, бірақ уақыт бойынша икемді әрекеттер келесі әрекеттер тізімінде болады. Сондықтан оларды уақытыңыз бола қалған кезде істейтін боласыз.

    Апталық шолу

    Дэвид Алленнің GTD кітабында апта сайынғы шолу «сәттіліктің маңызды факторы» деп көрсетілген. GTD жүйесін қолдануды бастасаңыз және мен сияқты қарапайым адам болсаңыз, біраз уақыттан кейін кейбір мәселелерге жолыға байстайсыз. Біз машина болмаағандықтан, кейбір істер “Келесі әрекеттер” тізіміне кірмей қалуы мүмкін немесе кейде бір тізімдерді толтыруды ұмытып кетуіңіз мүмкін. Уайымдамаңыз, сіз жалғыз емессіз. Бұл жерде бізге көмекке апталық шолу келеді. Барлық жоспарды, істерді аптасына бір рет тексеру керек. Жұма мен дүйсенбі арасында отыз минут өзіңізбен кездесіп, шолу жасайсыз. Басыңыздағы артық ойларды “кіріс тізіміне” кіргізіңі, барлық тізімдерді тексеріңіз, жалпы өзіңіздің мақсаттарыңыз туралы ойланыңыз, әр мақсатңыз немесе жобаңыз бойынша міндетті түрде бір әрекетті “Келесі әрекеттер” тізіміне қосуды ұмытпаңыз. Апталық шолу бойынша мен карточка дайындадым, оны инстаграмнан көре аласыз.

    GTD бойынша толығырақ білгіңіз келсе, Дэвид Алленнің кітабын алып оқыңыз. Бұл гайд https://hamberg.no сайтындағы ақпарат бойынша өңдедіп, дайындалды.

  • Бұл ерекше эпизод. Бүгін бізге екі подкастер қонаққа келді. Әрине, карантин жағдайында кездесуіміз үйде емес, онлайн өтті. Бұл эпизодты толығымен подкастқа арнадық. Подкастты қалай жазасыз, тақырыптарды қалай таңдайсыз, қандай қосымшалар мен техникалық құралдарды пайдаланасыз, қандай жоспарларыңыз бар деген тәрізді сұрақтарды қамтыдық.

    Анықтама.

    1. Бэлла Орынбетова - Eki kese подкастының авторы және жүргізушісі. Eki kese - достар арасында шай үстінде айтылатын әңгіме жинағы. Бұл подкастта өмірге, адамдарға, құбылыстарға деген тың көзқарастар, соны пікірлер айтылады.

    2. Айнель Әмірхан - Oy-Detox подкастының авторы және жүргізушісі. Айнель өз подкастында қонақтарымен бірге ақпарат ағымында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтау жолдарын іздейді.

  • Бұл эпизодтың қонағы - Әселхан Ахметова. Ол осыған дейінгі эпизодтарымыздың бірінде қонақ болған еді. Бұл эпизодта Әселхан өзінің қаржылық қауіпсіздік жастықшасын қалай қалыптастырғаны, ақшаға қатысты көзқарасын қалай өзгерткені және қаржысын қалай жоспарлайтыны туралы баяндады. Сонымен қатар, қаржы тақырыбында сауатты қадамдар қабылдауда кімдердің ұсыныстарын тыңдайтыны, қолданатындығы туралы да бөлісті. Бұл эпизод сізге пайдалы болады деп үміттенемін.

    Анықтама: Әселхан Ахметова - кәсіпкер, жоба менеджері. Бірқатар халықаралық жобалардың менеджері, IVLP түлегі

  • Коронавирус туралы алғашқы хабарлар 2019 жылдың аяғында Уханьнан жетіп, дәл қазір 150-ден астам елге таралды. Қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы вакцина жоқ және көптеген елдерде вирусқа қарсы тесттердің саны шектеулі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы азаматтардың бірлескен іс-қимыл жасау қажеттілігін қайта қайта баса айтуда.

    Біріккен Ұлттар Ұйымының денсаулық сақтау агенттігі бүкіл әлемдегі адамдардан қолдарын үнемі жуып тұруды, көзге, мұрынға және аузына тигізбеуге, қоғамнан оқшаулануға және ыстық көтерілсе, жөтел немесе тыныс алу кезінде қиындықтар туындаған жағдайда медициналық көмекке жүгінуді сұрауда.

    Дәл қазір бұдан 20 күн бұрын көзімізге тіпті елестете алмайтын жағдайларды басымыздан кешіріп жатырмыз: маска киіп, үйге қажет заттарды, тамақтарды мүмкіндігінше алып, жоспарларланған шаралардан бас тартып, үйден жұмыс істеудеміз.

    Алматы мен Нұрсултан қалалары 19 наурыздан бастап карантинге жабылды. Бүгін құрбым Мөлдір екеуіміз осы сәттерде басымыздан өтіп жатқан оқиғалармен, сезімдерімізбен және жоспарларымызбен бөлісуді жөн көрдік. Сөйтіп онлайн байланыс арқылы осы эпизодты жаздық.

  • Көктемнің алғашқы күнімен! Ұзақ демалыстан кейін мен қайтып келдім. Бұрынғыдай ұзын уәделер бермей, үнсіз оралуды жөн көрдім.

    Бұл эпизодты жаңаруға, тазаруға арнағым келеді. Бәріміз жылдың басын, жаңа жылды қарсы алғанды жақсы көреміз. Жоспарлар қоямыз, жаңа межелер белгілейміз. Алайда қыстың аязды күндерінен кейін ақырын қардың еруін бақылау, күннің көзін көру, шуағын сезіну бақытқа бөлейді. Ауада жаңа леп байқалады, өзгерістердің лебі сезілейтіндей. Сезесіз бе? Көктемнің алғашқы күндері - өмірімізді жаңартуға, жаңа ұзақ күндерді қарсы алуға дайындыққа арнайтын тамаша кезең.

    Өзімізді тазарту дегенде ең алдымен өмірімізде жиі істейтін әдеттеріміз оралады. Біз үйімізді, жұмыстағы үстелімізді, үсті басымызды тазалаймыз. Біраз уақыт қарамай қойсақ өмірімізде жиі пайдаланатын заттарымыздың кірлеп, тазартылуды қажет ететінін білеміз. Алайда бұл біздің сыртқы ортамыз. Ал өзіміздің ішкі бөлігіміз ше? Ішкі дүниеміз, басымыз, жүрегіміз кірлемей ме? Оны тазалауға бола ма?

    Айналамызда болып жатқан оқиғаларға байланысты біз өзгеріп, түрлі пішіндерге ие болып отырамыз. Басымыздан өтетін әр нәрсе бізге әсер етеді. Біз өзіміз ойлағаннан да көп ақпаратты өңдеп, өзімізге сіңіреміз. Таңертең көлік кептелісінде тұрып, уақытында жұмысқа жетпей қаламын ба деп бір мазаланамыз. Жай ғана елде болып жатқан жаңалықтарды оқу арқылы күрсінеміз. Ашу, ызалану, ренжу, өкпелеу, абыржу, мазалану, алаңдау, түсінбеу, бәрі бәрі соңында шешілсе де, жүрегіміз бен жанымызда із қалдырады. Ол іздер мен дақтарды уақытында тазалап, жібермесек, бізге жабысып қалуы мүмкін. Сөйтіп, біраз уақыттан кейін олар біздің қалыпты көңіл күйімізге әсер етеді.

    Көктем тазалану мен қайта жаңару кезеңі. Аспан ашық, көкпеңбек. Осы сәтті қолданайық. Бақытқа, жақсы денсаулыққа, жан гармониясына ұмытылып көрелік. Ішкі жан дүниемізді қуантатын қадамдарды жасап көруге қалай қарайсыз?

    Сыртқа көбірек шығайық, әлемнің қалай түрленгеніне назар аударайық. Күннің шуағы мен көктемнің ауасы сондай ерекше. Біраз далада жүргеннен кейін жеңілдеп қаласың. Табиғаттың, сыртқы әлемнің тылсым ауасы біздің аурадан биігірек, самал желдің ішіңдегі мазаңды алып жүрген ойларды алысқа қарай қарай ұшырып, алып кеткенін бақыла. Алуан түрлі түстердің айналамызды бояп, жаңа өмір мен үмітті меңзейтінін сезін. Осы бір тамаша өзгерістердің ортасында бол, табиғаттан шабыт ал, жаңа бастамаларға дайын бол.

    Шығармашылықпен айналыс. Мамандығымыздың қандай болғанына қарамастан, әрқайсымыз шығармашылықпен айналысуға құқылымыз. Креативті талап ететін шығармашылық жұмыстар миымыздың жай күндері іске қосылмайтын бөліктерін қозғайды, ойландырады. Дәл кеше бірінші акварельмен сурет салуға бардым. Білесіз бе, акварель мен қылқаламды соңғы рет он жыл бұрын қолыма алған болармын. Қылқаламды суға салып, бояуды алғаннан кейін қағазға жүргізуге қорықтым, жүрексіндім. Біраздан кейін әлемнің барлығын ұмытып, бар ойым гүлдер мен олардың жапырағын салумен болды. Екі сағат бойы өзімнің күнделікті күйімнен алшақтадым, басқа статусқа ауыстым, басқа форматта өмір сүрдім. Өзіме жаңа көзбен қарадым. Сізге басқа істер де ұнауы мүмкін. Торт пісіріңіз, гүл өсіріңіз, ән айтыңыз, билеңіз. Үйде қолыңызбен бірдеңе жасаңыз. Қолымнан түк келмейді деген де болмайды. Болмасаңыз да ұқсап бағыңыз. Ең бастысы істеп көру, сол форматта біраз сәт өмір сүріп көру.

    Әлеуметтік желіден, интернеттен алшақтап көріңіз, детокс жасаңыз.

    Әлеуметтік желі арқылы сіз бен біз танысссақ, солар арқылы бүгін сіз менің даусымды естіп отырсаңыз да, кейде шынымен де өімірімзде тым көп орын алып кетеді. Біз көретін видеолар, фотолар, еститін дауыстар біздің өзіміздің ішкі даусымыздан тым қатты естіліп кетеді. Көп қолданатын желілерімізден сәл алшақтап, өзімізбен өзіміз өмір сүріп болып көрелік. Мүмкін өз даусымыз бізге бәрнәрсе айтқысы келетін болар?!

    Дұрыс тамақтан. Мүмкіндігінше кемпірқосақтың түсіндей әр күні жаңа түстегі көкөніс пен жемітерді диетаға қосуға тырыс. Көбірек су іш.

    Өзің мен жақындарыңа уақыт арна. Тыңда. Көбірек жаз. Шабыт ал. Шабыт алатын энергия көздерін тап.

    Кездескенше. Келесі жолы сіз ойлағаннан да ерте кездесіп қалармыз.